"Келіссөз алаңын ұсынуға дайын". Ресейден келген Президент АҚШ басшысымен Украина жайлы сөйлесті

137
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RMdj8OxIuUTflNuOvzUuGqDo8t8Y0pSdhcGbf5d3.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентімен сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп телефон арқылы екіжақты және халықаралық күн тәртібі, соның ішінде Украина мәселесі бойынша мазмұнды әңгіме өрбітті.

Сөйлесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қарашада Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін жеткізді. Президент Украинадағы қақтығыстың күрделі сипатына, оның ішінде территориялық келіспеушіліктердің басты мәселе болып отырғанына назар аударды. Осы орайда, екі тараптың мәмілеге келуі аса маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формулаларын іздеуді жалғастыруға шақырады. Ел араағайын болмаса да, қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеттері арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуеті күшейгенін атап өтті. Мемлекет басшысы АҚШ Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырып, бұл тарихи оқиға болатынына сенім білдірді.

Бұл телефон әңгімесі екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі тереңдеуі мен стратегиялық әріптестікті нығайтуға маңызды серпін береді.

Пікірлер