56 көлік соқтығысып, ірі жол апаты орын алды

789
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LahMVhPknTwHEwom2Kgq6Yzldnb8AK1VKu5KCxJw.jpg

Жапонияның Гумма префектурасында сенбіге қараған түні 56 автокөлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Минаками қаласы маңындағы Канэцу тасжолымен келе жатқан ірі жүк көлігі тайып кетіп, жолда тоқтап қалған. Оған жеңіл көліктер соқтығысып, салдарынан өрт шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, апат жолдың еңіс бөлігінде және бұрылыстан кейін болған. Осы себепті жүк көлігінің артында келе жатқан жүргізушілер жолдағы жағдайды алдын ала байқамай, бірінен соң бірі соқтығысқан.

Қазіргі уақытта апат болған жол бөлігінде қозғалыс екі бағытта да толықтай тоқтатылған.

Жапондық бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде 26 адам жарақат алған. Оның ішінде бес адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген, ал 21 адам жеңіл жарақат алған.

Оқиға куәгерлерінің бірі:

«Жеңіл көліктен алдымен түтін шығып, кейін өрт тұтана бастады. Барлығы бұрылыста болды, адамдар не болып жатқанын түсінбей, жол төмен қарай кеткендіктен соқтығыса берді», – деп мәлімдеді.

Пікірлер