Үндістанның Махараштра штатында мектеп оқушысы көз жұмған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Gazeta-ға сілтеп.
12 жастағы Каджал Гонд есімді оқушы сабаққа 10 минут кешігіп келгені үшін мұғалім 100 рет отырып тұрғызған.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 2025 жылдың 14 қарашасында болған.
Мұғалім "жазасынан" кейін оқушының белі қатты ауыра бастаған. Үйге қайтқан соң жағдайы нашарлап, оны ауруханаға жатқызған. Кейін Мумбайдағы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер қызды құтқара алмады.
Жергілікті тұрғындар мұғалімді және мектеп басшылығын қатаң жазалауды талап етуде.
Ұқсас жаңалықтар