26 қаңтарда Филиппиннің оңтүстігіндегі арал маңында 350-ден астам адам мінген паром суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.
Кеме Замбоанга порттық қаласынан Сулу провинциясындағы Джоло аралына бағыт алған болған. Жағалауды күзет қызметінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, апатқа техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Алайда күзет командирі Ромель Дуа бұл оқиғаның нақты себебі әлі анықталмағанын, тергеу жүргізілетінін айтты. Оның сөзінше, кеме Замбоанга портынан шықпай тұрып тексерілген және артық жүкке байланысты ешқандай белгі анықталмаған.
Құтқарушылардың кемеден кемінде 316 жолаушыны аман алып қалғаны және 15 адамның денесін тапқаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар