Шымкентте әйелді пышақтап кетті. Күдіктіні ұстау кезінде қару қолданылды

58
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Шымкент қаласында кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық ПД айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ер адам танысына пышақ жарақатын салған. Полиция департаменті зардап шеккен әйелдің сол жерде қаза тапқанын мәлімдеді.

«Полицияға куәгерлер хабар берген. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткендіктен, заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері оған қызметтік қару қолданды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай танасының қолынан қаза тапқан еді. Бойжеткен 11 пышақ жарақатын алған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы Шерхан Аймахан есімді ер адам қамауға алынды.

Пікірлер