Қазақстан түрмесіндегі "ардагер" 85 жасында бостандыққа шығады

203
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t4wRTUlmIEniohiN43mdA5gwkzUvNCdT6TpGn0XF.jpg

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан ең егде адам бостандыққа шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тengrinews.kz-ке берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1942 жылы туған ер адамның жаза мерзімі 2027 жылы аяқталады. Түрмеден шыққан кезде ол 85 жасқа толады»,-делінген хабарламала.

Қазіргі таңда Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 70 жастан асқан шамамен 100-ге жуық сотталған адам бар.

Комитет мәліметінше, бұл азаматтар жазасын жалпы негізде өтейді. Қажет болған жағдайда оларға мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі аясында медициналық қызмет көрсетіледі.

Бұған дейін желіде Ақмола облысында тұратын 89 жастағы әйелдің сотталып, оған түзету жұмыстары тағайындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда соттың баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың айтуынша, қарт әйел мен оның 72 жастағы жиені қасақана жеңіл дене жарақатын салғаны үшін сотталған: зейнеткерлер подъезде туысын соққыға жыққан. Екеуіне де 7 айға бас бостандығын шектеу жазасы беріліп, мінез-құлқына пробациялық бақылау белгіленген.

 

Пікірлер