АҚШ Ресей және Қытаймен ынтымақтастық жасауға дайын екенін айтты

214
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zubrzhBmWQAd3sa2Tvf8f1wKXyPRsgiyuk06MOhI.jpg

Вашингтон Ресей, Қытай және басқа да елдермен әлемдегі ядролық қару қорын қысқарту бағытында жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс журналист Мегин Келлиге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды. «Адырна» тілшісі.

«Біз Қытай, Ресей және әлемде ядролық қару санын азайтуға ниетті кез келген елмен ынтымақтасуға дайынбыз. Оның бізге дос не бәсекелес екенін маңызды емес. Менің ойымша, бұл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жасалатын ең маңызды қадам», — деді Вэнс.

Сонымен қатар АҚШ вице-президенті Иран ядролық қару жасап шығарған жағдайда оның таралу қаупі күшейетініне алаңдаушылық білдірді.

«Егер Иран ядролық қаруға қол жеткізсе, келесі кезекте кім ядролық қаруға ие болатынын білесіз бе? Ол – Сауд Арабиясы. Одан кейін Парсы шығанағындағы басқа да араб елдерінің біріне кезек келеді. Бұл ядролық қарудың бүкіл әлемге таралуына әкеледі», — деп есептейді Вэнс.

Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен мәселені бейбіт жолмен келісуге тырысатынын жеткізді. Ал егер бұл мүмкін болмай, жалғыз жол күш қолдану болып қалса, Трамптың бұл қадамға баратыны айтылды.

Пікірлер