“Арасында бала да бар”. Бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

60
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8r3OoHjujWWttDTexZMw95xR4WpH5GMhDJWXzYEW.webp

Алматы облысы, Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаза тапқандар қатарында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және бір жарым жастағы бала бар. 

Qonaev Media News арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, отбасы қыстақта тұрып келген. Туыстары бірнеше күн бойы байланысқа шыға алмаған соң үйді тексеруге барған. Сол сәтте қаза тапқандардың денесін тапқан. Құзырлы органдарға хабар беріліп, мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта барлық мән-жай тергеу арқылы анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға көміртегі тотығымен улану салдарынан болуы мүмкін. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде әлі расталған жоқ.

Пікірлер