Президенттен кейінгі басты бәйке. Тәшиев барлық қызметінен босатылды

147
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AIYm6kq9AvcQ4idDPMVEAS7ZlWcEyMkzs206EPW8.jpg

Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиев Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сәйкес жарлыққа қол қойды. Қамшыбек Тәшиев ҰҚМК басшысы ретінде 16 қазан 2020 жылдан бері қызмет атқарған. Ол 5–6 қазан 2020 жылғы оқиғалардан кейін Садыр Жапаровтың қолдауымен тағайындалған еді.

Қырғыз БАҚ-тарының жазуынша, Тәшиев пен Жапаров арасындағы саяси одақ ұзақ уақытқа созылған және Қырғызстандағы ең сенімді саяси тандемдердің бірі болып есептелген. Тәшиев күш құрылымдарын бақылап, резонансты іс-шараларды басқарған, сонымен қатар президенттің ең сенімді өкілі саналған.

ҰҚМК уақытша төрағасы қызметіне Жұмғалбек Шабданбеков тағайындалды. Ол 2020 жылдан бері комитеттегі 9-қызметтің бастығы және орынбасары болып қызмет атқарған.

Пікірлер