Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев – Түркиямен де, Израильмен де шынайы жақсы қарым-қатынас орнатқан әлемдегі бірегей көшбасшы. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Вэнс президент Әлиевке бейбітшілікке қол жеткізу жолында жасаған қадамдары үшін алғыс айтып, оның дипломатиялық қабілетін жоғары бағалады.
«Мен бұл елде болғаныма өте қуаныштымын. Бакуге қонар алдында өз қызметкерлеріме президент Трамптан бөлек, түріктермен де, израильдіктермен де шынымен жақсы қарым-қатынас орнатқан жалғыз әлемдік көшбасшы — президент Әлиев екенін айттым», — деп атап өтті ол.
Ұқсас жаңалықтар