Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әулие Валентин күнінің ислам дінімен және ұлттық дәстүрлермен байланысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл мереке бөгде құндылықтарды насихаттауы мүмкін. Сондай-ақ олардың пікірінше, аталған күн өткінші қарым-қатынастарды және ар-ұятқа қайшы мінез-құлықты дәріптейді.
«Әулие Валентин күні біздің дінімізге де, дәстүрімізге де қатысы жоқ. Бұл күн мәңгілік махаббатқа емес, бір күндік ләззатқа, шектен шығуға, ұятсыздық пен азғындыққа жетелейді», — деп жауап берді мүфтият өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар