Назарбаеваға қатысты делінген қонақ үй мемлекет меншігіне өтті

95
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/83RPFvxglgd970jLfthvWQtVIBWrEdfNdNb2yBHK.jpg

Астанада мемлекетке қайтарылған "Думан" қонақүйі Отбасы банк меншігіне өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазТАГ дерегінше, бұған дейін аталған нысан Дариға Назарбаева есімімен байланыстырылып келген. Кейін қонақүй мемлекетке қайтарылған актив ретінде рәсімделіп, оны іске асыру мақсатында бірнеше аукцион ұйымдастырылған.

Ал қонақ үйдің мемлекетке қайтарылғаны туралы Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы Рүстем Қарағойшин хабарлады.

Оның айтуынша, өткен сауда-саттықтарда ұсынылған баға мемлекеттік органдарды қанағаттандырмаған. Соған байланысты активті тиімді пайдалану үшін басқа шешім қарастырылған. Қонақүй ғимараты техникалық параметрлері мен аумағы жағынан «Отбасы банкінің» қажеттіліктеріне сәйкес келген. Атап айтқанда, банкке өз ішінде арнайы есептеу қуаттарын орналастыру мүмкіндігі маңызды болған.

Холдинг басшысы «Отбасы банк» ел экономикасындағы жүйеқұраушы қаржы институттарының бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты банктің Астана қаласына көшуі туралы тұжырымдамалық шешім қабылданған.

Ресми мәліметке сәйкес, «Отбасы банк» конкурсқа толыққанды қатысып, ғимаратты сатып алған. Мәміле нәтижесінде төленген қаражат мемлекетке аударылды. Қонақүйдің құны нарықтық деңгейде бағаланған, ал баланстық құны мұндай мәміле үшін жеткілікті тартымды болғаны айтылды.

Қазіргі таңда ғимаратты банктің қажеттілігіне бейімдеу және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.

Пікірлер