Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы киімі музейге қойылады

164
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9URd89CAuCXkAJtOU2Wp6L0iTfeXfJw6s1WEazR4.jpg

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоровтың киген киімі музейге қойылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Айтулы киімнің авторлары – отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы. 

Бұған дейін Vogue Italia журналы Шайдоровтың қысқа бағдарламадағы костюмін ерекше дизайн мен аксессуарлары үшін атап өткен еді. Басылым Михаилдың көрерменді Timothée Chalamet бейнесін еске салатын образымен таңғалдырғанын жазды. Киімнің пішіні мен градиентті элементтері Denis Villeneuve фильмдеріндегі футуристік эстетиканы елестетеді деп бағаланды.

Енді Михаил Шайдоровтың киімі Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің музейінде сақталатын болады.

Айта кетейік, Михаил қысқа бағдарламада бесінші орын алғанымен, еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды.

Пікірлер