Танымал актриса Дариға Бадықова АҚШ-қа кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әншінің әлеуметтік желіде жариялаған ақпаратына сәйкес АҚШ-та жұмыс бабымен жүр.
«Қиындықсыз көрінетіннің бәрі – қажырлы еңбектің нәтижесі. Менің басымда үнемі тұратын сигнал: ешкімге тәуелді болмай өмір сүру. «Мен әйелмін, бәрі маған міндетті» деген ойдан бас тартқанда, менің алдымда үлкен мүмкіндіктер ашылды. Менің ойымша, жолдар дәл осы үшін ашылды – өйткені мен тек күтетін және сұрайтын адам болуды тоқтаттым», – деп жазды Дариға Бадықова.
Айта кетейік, белгілі продюсер, актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы сот процесінде жеңілгені туралы жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар