Дәмханадағы жарылыстан он шақты адам қаза тапты, 20 адам зардап шекті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iAvV13MIgIs6XTDgOwpSujIHCxwZSFW59tffC04E.jpg

Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан дәмханада жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Бурабай ауданына қарасты қаладағы «Палау орталығы» мейрамханасында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, газ-ауа қоспасы жарылып, артынша ірі өртке ұласқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін құтқарушылар 5 минут ішінде жеткен. Сол сәтте дәмхана ішінде шамамен 80 адам болған.

Жарылыс салдарынан 20 адам зардап шегіп, әуелде 6 адам қаза тапқаны хабарланған, соңынан бұл санның жетіге жеткені жарияланды.

Өрт сөндірушілер 10-нан астам адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, жарылу қаупі бар 8 газ баллонын ғимараттан алып шыққан.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер