Израиль Иран аумағына алдын ала әскери соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац хабарлады.
Оның айтуынша, Иран астанасы Тегеран қаласында жарылыстар естіліп, аспанға түтін көтерілген. Алдын ала мәлімет бойынша, қалада кемінде екі жарылыс тіркелген.
Израиль тарапы бұл әрекеттен кейін Иран жақын арада жауап ретінде зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасауы мүмкін екенін болжауда.
Осыған байланысты Израиль аумағында төтенше жағдай режимі жарияланып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Тель-Авив қаласында ұзақ уақыттан бері алғаш рет әуе дабылы қосылып, сиреналар іске қосылған.
Билік тұрғындарға қауіпсіз жерлерде болуды ұсынып, арнайы ескерту хабарламаларын таратты.