Түркияның СІМ Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасап, тараптарды сабырға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ведомствоның хабарлауынша, Израиль мен АҚШ-тың Иран аумағына жасаған соққыларынан кейін басталған оқиғалар және Тегеранның жауап ретіндегі шабуылдары аймақтың болашағы мен жаһандық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіреді.
«Халықаралық құқыққа қайшы келетін және бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатты алаңдаймыз. Зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін арандатушылықтарды айыптаймыз», — делінген ресми мәлімдемеде.
Министрлік қақтығысушы тараптарды шабуылдарды мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға және жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.
Сондай-ақ Анкара қажет болған жағдайда делдалдық миссиясын атқаруға дайын екенін білдірді.