Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Оманға соққы жасау жоспарда болмағанын жеткізді. Бұл туралы ол Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Оманда болған жағдай – біздің таңдауымыз емес еді… Бұған дейін қарулы күштерімізге нысаналарды таңдауда барынша сақ болуды тапсырғанбыз. Шын мәнінде, қазір біздің әскерилер белгілі бір деңгейде өз бетінше әрі бір-бірінен бөлек әрекет етіп жатыр. Олар өздеріне алдын ала берілген жалпы нұсқауларға сәйкес қимылдауда», – деді министр.
Ал Қатар сыртқы істер министрлігі Оманға жасалған соққының медиация қағидатына шабуыл екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар