Фото: Caliber
Индонезия президенті Прабово Субианто өз аппаратының басшысын қызметінен босатты. Бұған оның президентті, министрлер мен басқа да шенеуніктерді заңсыз тыңдауға қатысты деген күдікпен ұсталғаны себеп болған, деп хабарлайды “Адырна”.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, шенеунік полицияның екі жоғары лауазымды офицерімен бірге ұсталған.
Президенттің баспасөз хатшысы Прасетьо Хади күдіктілердің әрекеті мемлекеттік сатқындық ретінде бағалануы мүмкін екенін және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
