Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vZuUFFEWL2Wkhb94Y5i2SIt3V58e8OzOq1MRkHBD.webp

Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізбейді. Бұл туралы Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз», – деді хатшы.

Лариджани америкалық көшбасшының Таяу Шығысқа хаосқа әкелгенін мәлімдеді.

«Трамп аймақты хаосқа батырып, жалған үміт сыйлады. Қазір америкалық әскери қызметкерлер арасындағы қосымша шығындардан қорқып отыр»,-деп жазды Лариджани.

Оның айтуынша, «жалған мәлімдемелері арқылы» Трамп америкалық әскерилер мен олардың отбасыларына зиян тигізіп отыр.

«Бүгінде Иран халқы өз-өзін қорғап жатыр. Иран қарулы күштері шабуылды бастаған жоқ», – деп түйіндеді Лариджани.

Бірнеше сағат бұрын Дональд Трамп Иранның жаңа басшылығы АҚШ-пен келіссөзді қайта бастауға ұсыныс жасағанын айтқан еді.

 

Пікірлер