Иран АҚШ-тың Кувейттегі елшілігіне соққы жасады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ov6ZJ1JXtQqCBHCxgF7MEjOYL71weNWURRM87Xae.jpg

Бүгін, 2 наурызда Иран АҚШ-тың Кувейттегі елшілігіне әуе соққысын жасады. Бұл туралы Mehr News жазды, хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жарияланған кадрларда елшіліктің ғимараты зақымданып, түтін шыққаны көрінеді. The Guardian басылымының жазуынша, америкалық дипломатиялық миссия Кувейтте сиреналар іске қосылып, көшелерде түтін пайда болғаннан кейін ықтимал қауіпті ескерткен. Дегенмен, зақымданған нысандар туралы нақты мәліметтер әлі жарияланбады.

Кейбір деректер бойынша, шабуыл ирандық «камикадзе» дроны арқылы жасалған. Fars агенттігі де Иранның аймақтағы АҚШ базаларына зымырандық және дрондық жаңа шабуыл толқынын бастағанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ орталық қолбасшылығы Иранға қарсы әскери операция барысында америкалық үш сарбаз қаза тапқанын айтқан еді.

Пікірлер