Иран президенті көрші мұсылман елдерге үндеу жасады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vPjpH6pQmUX67LOwF95Y8QvWqNczDmyzfC6u1mk3.webp

Иран президенті Масуд Пезешкиан Наурыз мерекесіне орай көрші мұсылман елдеріне үндеу жасап, Иранның көршілерімен қақтығысқа бару ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды "Адырна""

«Сіздер – біздің бауырларымыз, біз сіздермен қақтығысуды көздемейміз», - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, Иран мен көрші мұсылман елдері арасындағы текетірестен тек Израиль ғана ұтады, ал бұл елдің режимі «мемлекеттік терроризмге негізделген».

Пезешкиан сондай-ақ АҚШ пен Израиль шабуылдары аясында халықты бірлікке шақырып, «Иранды қиын кезеңдерден абыроймен алып шығу» қажеттігін атап өтті.

Оның сөзінше, АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдары және елдің көшбасшысы Али Хаменеиге бағытталған әрекеттері жаһандық құқықтық тәртіпті бұзуы мүмкін жаңа үдеріс болып табылады. Егер бұл тоқтатылмаса, көптеген елдерге зиян келуі ықтимал.

«Егер әлем бұл дағдарысқа батыл қарсы тұрмаса, оның оты көпшілікті шарпиды», — деді Иран президенті.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпанда басталып, үшінші аптаға ұласты. Осы уақыт ішінде тараптар бір-біріне соққы жасап келеді. Шабуылдар салдарынан Али Хаменеи және бірқатар жоғары лауазымды ирандық тұлғалар қаза тапқаны хабарланды.

Тель-Авив бұл әрекеттерінің мақсаты — Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Ал Вашингтон Иранның әскери әлеуетін жоюмен қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

Иран тарапы өз кезегінде қорғануға дайын екенін бірнеше рет айтып, қазіргі жағдайда келіссөздерді қайта бастауға негіз көрмейтінін жеткізген.

Пікірлер