АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Парижде өткен G7 сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Иранмен соғыстың тағы екі–төрт аптаға созылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
G7 елдерінің сыртқы істер министрлері Иранды Ормұз бұғазын ашуға шақырды. Олар шешім табу үшін АҚШ-пен бірлесіп жұмыс істейтінін айтты. Марко Рубио бұғазды блокададан шығару ісіне АҚШ қатысуға дайын екенін, бірақ процесті міндетті түрде басқармайтынын атап өтті.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иветт Купер G7 кездесуінде Иран Ормұз бұғазын жауып, «әлемдік экономиканы кепілге ала алмайды» деп мәлімдеді. Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул АҚШ-пен келісімде екенін, Иран ядролық қаруға ие болмауы және аймаққа қауіп төндірмеуі керегін айтты.
АҚШ барлау деректеріне сәйкес, бір айға жуық соғыстан кейін Иранның зымыран арсеналының шамамен үштен бір бөлігі жойылды.
Сонымен қатар Парсы шығанағы елдері Иранның зымыран және дрон шабуылдарын тіркеді. Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ және Бахрейн әуе қорғаныс жүйелері арқылы шабуылдарды тойтарғанын хабарлады.
«Ресейді тыйым салынған технологиямен қамтамасыз етеді». АҚШ қырғыз компанияларына қарсы санкция салуы мүмкін
