Израиль Нетаньяху кеңсесіне соққы жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vs62qUczjk6TIyawiOaMrukeTVpmNplx0hGG4Mpk.jpg

Израиль тарапы Иран премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесіне соққы жасалғаны туралы ақпаратты растамады. Бұл туралы РБК-ға елдің қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) баспасөз хатшысы Анна Уколова мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«КСИР шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар жариялаумен танымал. Олар БАҚ өкілдерін өз қиялының жемісін тарату үшін пайдаланады»,- деді Уколова.

ЦАХАЛ өкілі Израиль әскерінің Иран аумағынан зымырандардың ұшырылғанын тіркегенін растады. Елдің кейбір аймақтарында әуе дабылы сиреналары қосылып, тосқауыл зымырандары іске қосылған.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе келтірілген шығын туралы ақпарат түскен жоқ. Ұшырылымдардың нақты нысанасын білмейміз. Біз тек нәтижесін ғана білеміз», — деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесіне шабуыл жасағанын айтқан еді.

Пікірлер