Байқоңырға сапар. Қазақстан мен Өзбекстан жаңа туристік маршрут жасайды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kAnFWg5oTP39JL77k2vNjbkRmsd7wIHsrvw0ZDJq.jpg

Қазақстан мен Өзбекстан Байқоңыр ғарыш айлағы мен индустриялық туризмді дамытуды мақсат етіп, бірлескен туристік маршрут әзірлеуде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі UzDaily-ге сілтеме жасап.

Қазақстан тарапынан Өзбекстанның туристік саласы мен кәсіпкерлік қауымдастығына ынтымақтастық ұсынылып, Қызылорда облысының туристік әлеуетін көрсетуге ерекше назар аударылған.

Бастаманың негізгі элементі – Қызылорда облысында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағын аралауға байланысты бірлескен туристік жобаларды жасау.

Ұсынылып отырған маршрут «Союз» зымыран-тасығышын монтаждау және сынау жұмыстарын бақылауды, зымыранды старт кешеніне тасымалдау және орнату кезеңдерін көруді, ғарыш айлағының мұражайлары мен тарихи нысандарын аралауды, сондай-ақ белгіленген күндерде зымыранның ұшырылуын тікелей бақылауды қамтиды.

1 жыл ішінде Байқоңырдан ғарышқа бірнеше зымыран ұшырылатыны атап өтілді, ал оларға қатысу тек алдын ала тіркелген жағдайда мүмкін болады.

Қазақстан туроператорлармен бірлесе отырып, біріккен туристік пакеттер құруға, ғарыштық және индустриялық туризм бағыттарын дамытып, екі ел арасындағы туристік алмасуды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

 

 

Пікірлер