Бірқатар ресейлік телеарнаның көрсетілімі тоқтатылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1D4pNPISqHIy0SUjworSGw5F8qfq7EHjcKYxdPoR.jpg

Еліміздегі ақылы теледидар операторларының бірі — Alma TV бірқатар ресейлік телеарнаның трансляциясын тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2026 жылғы 28 ақпанынан бастап құқық иеленушіден уақытша рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты "Бірінші арнаның цифрлық телеотбасы"пакетіне кіретін телеарналарды тарату тоқтатылатынын хабарлаймыз»,- делінген түсіндірмеде.

Оператордың айтуынша, олардың орнына балама премиум телеарналар дайындалған.

«Сіздің бос уақытыңыз қызықты болып қала беруі үшін біз эфирге шығатын баламалы телеарналарды дайындадық. almaPLUS командасы сізге сапалы және қызықты көру баламаларын ұсыну үшін мазмұнды жаңарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда»,-деп толықтырды Alma TV.

Айта кетейік, «Цифрлық телеотбасы» пакетіне «Кино үйі», «Жеңіс», «Уақыт», «Телекафе», «Бобер» сынды бірнеше телеарна кіреді.

Пікірлер