Ростовта ресейлік тікұшақтың атып түсірілгені айтылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UY206hiANX20Jg0D51LjwmDMKlSPTSKrgmYY2FMJ.jpg

Ресейлік Ми-8 әскери тікұшағы сәрсенбіге қараған түні Ростов облысында атып түсірілді. Бұл туралы «Astra» Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға Миллеров ауданының Дудки ауылында болған. Ми-8 тікұшағы сарайға құлап, жанып кеткен. Жергілікті фермердің сарайы да өртенген. Бұл ақпаратты жергілікті тұрғындар мен Ресей ТЖМ дерек көздері растады. Дерекке сәйкес, экипаждың үш мүшесі қаза тапқан.

Ростов облысының губернаторы Юрий Слюсарь аймаққа дрондар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Айтуынша, Миллеров және Тарасов аудандарында ондаған ұшқышсыз аппараттарға тосқауыл қойылған. Тікұшақ апаты туралы губернатор ештеңе айтқан жоқ. Ресей қорғаныс министрлігі де аймақтағы әскери шығындар жөнінде ресми ақпарат таратпаған.

 

 

 

Пікірлер