Ираннан зымыран қауіпіне байланысты БАӘ бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Елдің ішкі істер министрлігі тұрғындарға дереу қауіпсіз жерлерге шығып, терезелерден, есіктерден және ашық алаңдардан аулақ болуға шақырды.
Төтенше жағдай режимі ел қорғаныс министрлігінің Ираннан қауіпке қарсы қорғаныс жүйелері арқылы 6 зымыранды және 131 ұшқышсыз аппаратты жойғаны туралы хабарлағаннан шамамен бір сағат өткен соң енгізілді.
Алайда бір зымыран мен алты дрон БАӘ аумағына түскен.
Ұқсас жаңалықтар
