АҚШ қаржы министрлігі Үндістанға теңізде тұрған ресейлік мұнайды уақытша сатып алу рұқсатын берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент хабарлады.
Министрдің айтуынша, бұл рұқсат 30 күнге беріліп, үнді мұнай өңдеу компанияларына тек теңізде тұрған мұнайды сатып алуға мүмкіндік береді. Бессент бұл қысқа мерзімді шара Ресей үкіметіне айтарлықтай қаржылық пайда әкелмейтінін атап өтті.
Шешім әлемдік энергетикалық нарыққа қысымды азайту мақсатында қабылданған.
Бұған дейін мұнай бағасы 84,9 АҚШ долларына дейін жетіп, екі жылдағы рекордты көрсеткені хабарланған.
Ұқсас жаңалықтар
