Қазақстан мұнайы тасымалданатын БТД құбырындағы көлем қысқарды

149
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9ToIBlXmU4HLxCVzrUiih3hdnyzKswwGQhCEKVxd.jpg

2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы 8,39 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға аз көрсеткіш. Мәліметті Мемлекеттік статистика комитетіне сілтеме жасаған “Report” агенттігі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Есепті кезеңде БТД құбыры елдегі жалпы мұнай тасымалының 77 пайызын қамтамасыз еткен. Тасымалданған мұнайдың басым бөлігі — 6,91 млн тоннасы немесе 82,4 пайызы Әзербайжан мұнайы болды. Ал 1,48 млн тоннасы, яғни 17,6 пайызы Қазақстан мен Түрікменстаннан транзит арқылы жеткізілген мұнайға тиесілі.

Статистикаға сәйкес, Әзербайжан мұнайын тасымалдау көлемі бір жыл ішінде 10,6 пайызға қысқарған. Ал транзиттік мұнай көлемі 6,8 пайызға төмендеген.

Баку – Тбилиси – Джейхан құбыры негізінен «Азери–Чираг–Гүнешли» кен орындары блогынан өндірілетін мұнайды, «Шахдениз» кен орнындағы конденсатты, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан мұнайын әлемдік нарыққа тасымалдауға арналған маңызды бағыттардың бірі саналады.

Пікірлер