Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның әпкесі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Оның сөзінше, сіңілісі жағдайды айтпауын сұраған. Қыздың әпкесі оны табуға көмектескен барлық құзырлы органға алғыс білдірді.
“Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатады. Тергеу жүріп жатқандықтан, әзірге толық мәліметті жариялай алмаймыз. Ең бастысы – оның табылғаны”, – деді әпкесі.
Еске салайық, бұған дейін жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған.
Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
