Бейбіт Исабаев облыс тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/e4mSFR00yqJu3VReAV7rrDOvD4eO30ApqIHhNv1p.jpg

Фото: Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңір тұрғындарын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Өңір басшысы өз сөзінде референдум күнтізбедегі жай ғана дата емес, еліміздің кемелдігі мен жарқын болашағына бастайтын жаңа бір қадам екенін атап өтті.

"Жалпы орнықты толыққанды мемлекеттер жауапкершілікке, әділеттікке, заң үстемдігіне және адамға деген құрметке негізделеді. Жаңа Конституция жобасы осы құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Біздің ортақ мақсатымыз – әділетті, ашық, әрі тиімді мемлекет құру. Конституцияның негізгі мақсаты – біздің мемлекеттік саясатымыздың әлемдік геосаяси, геоэкономикалық, сауда-саттық процестеріне кірігуі, әлеммен бірге даму. Барлығымыз осы Конституция жобасын жүректен өткізуіміз керек", — деді Бейбіт Исабаев.

Облыс әкімі ел тарихындағы жауапты кезеңде облыс халқы шынайы азаматтық ұстанымын білдіріп, жаңа Конституцияны қолдайтынына сенім білдірді.

Пікірлер