Министр Президентке орыс тілін қолдағаны үшін алғыс айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qiiacOMqZyDkuFcEYNuqrGE4WvzkpLk1TLTA3yTd.webp

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілін қолдау жөніндегі бастамалары үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Лавров Халықаралық орыс тілі ұйымының алғашқы министрлік конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

РФ СІМ басшысының айтуынша, Тоқаев 2021 жылдың желтоқсанында орыс тілін ілгерілетумен айналысатын халықаралық құрылым құруды ұсынған.

Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхатында бұл бастаманы Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан да қолдағаны атап өтіледі.

«Сіздің конференцияңыз Халықаралық орыс тілі ұйымының практикалық жұмысының басталуын білдіреді. Бұл үкіметаралық ұйым Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылған, және біз оны Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы әріптестерімізбен бірге қолдадық», — делінген жолдауда.

Пікірлер