Белгілі кәсіпкер Ербол Хамитовқа көлік сыйлайды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JjvJMmd0vuEMaHGDYZPS7qEj9I6CflL0Y5L1a00h.jpg

Белгілі кәсіпкер, Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа автокөлік сыйлайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі болғанын мақтан тұтамыз. Біз елдегі параспорттың дамуына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан осы автокөлікті оған сыйлауға қуаныштымын», – деді ол.

Сыйлық чемпион елге оралғаннан кейін беріледі.

Еске салайық, 13 наурызда Ербол Хамитов Милан қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарындағы пара биатлон жарысында алтын медальға ие болған еді. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысында қола медаль алған.

Пікірлер