ШҚО + 1 спорт нысаны. ШҚО жаңа воллейбол орталығының құрылысы басталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/68uYhOBtU349DRBnFLOO9Y0wzJuTbNnPBNwfHysQ.jpg

Жаңа спорт орталығының құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов волейбол орталығының құрылысы басталған аумаққа барып, жұмыс барысымен танысты. Екі қабатты кешенде екі спорт залы қарастырылған — бірі жарыстар өткізуге, екіншісі оқу-жаттығу процесіне арналған. Негізгі зал шамамен 200 көрерменге есептеледі. Сондай-ақ ғимаратта киім ауыстыратын бөлмелер, душ және санитарлық тораптар жабдықталады.

Жобаның бас мердігері — «DK PROEKT» компаниясы.

«Өңірде волейбол қарқынды дамып келеді, сондықтан біз бұл спорт түрімен айналысатындарды жан-жақты қолдауымыз қажет, — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

 — Berel волейбол клубы жақсы нәтижелер көрсетіп жүр және өз спорттық базасына лайық. Команда алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуанта береді деп сенемін».

Орталық 10 жастан асқан балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған. Спорт залдарында бір уақытта 84 адамға дейін жаттыға алады: негізгі волейбол залында — 24 спортшы, оқу-жаттығу залында — 36, ал тренажер залында тағы 24 адам. Күні бойы әрқайсысы екі сағаттан тұратын алты жаттығу ауысымын өткізу жоспарланған.

Волейбол орталығының салынуы өңірдің спорттық инфрақұрылымын айтарлықтай нығайтып, спортшыларды даярлауға және жарыстар өткізуге заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ балалар мен жастарды спортпен тұрақты түрде айналысуға кеңінен тартуға ықпал етеді.

Пікірлер