Қырғызстанның ішкі істер министріне айыппұл салынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/I9HmJqCCnrtPaAyGs6n9okgSrzktJadNw5CNAQPw.webp

Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл арқалады. Ақпаратты ішкі істер министрлігі растаған, деп хабарлайды “Адырна”.

Шенеунік әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Видеода Ниязбековтің қоғамдық жерде темекі шегіп тұрғаны көрінеді.

Дереккөздердің мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін министрге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ниязбековқа 3 мың сом (шамамен 17 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қырғызстан ІІМ өкілдері заң лауазымға және мәртебеге қарамастан барлығына бірдей екенін атап өтті.

Пікірлер