Бишімбаевтың інісі өзін толық ақтауды сұрады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iHq8uaO28W34ZL4cQpigKG8671l65464Bi9coK9y.jpg

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов өзін толық ақтауды сұрады.

Сот жүйесінің кассациялық соттар департаменті сотталған Бақытжан Байжановтың мүддесінде адвокат Секеров пен қорғаушы Күлдеевадан кассациялық шағымдар түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Адвокат Секеров бірінші сатыдағы сот үкімі мен апелляциялық шешімнің күшін жойып, Байжановты толық ақтауды сұрап отыр. Оның пікірінше, сотталушының әрекетінде қылмыс құрам жоқ. Ал қорғаушы Күлдеева ақтауды талап етпейді, бірақ жазаны жеңілдетуді сұрайды.

"Кассациялық шағымда адвокат А.Ж. Секеров Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі мен Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысының күшін жоюды және сотталған Б.А. Байжановты ҚР ҚК-нің 432-бабында ("Қылмысты жасырып қалу") көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрайды", - делінген жауапта.

Қазіргі уақытта іс кассациялық соттың өндірісінде. Сот отырысы 2026 жылғы 14 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, Бақытжан Байжанов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасырып қалғаны үшін сотталған болатын.

Пікірлер