Зообақта кішкентай бала жануарларды қуалаған

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1Zb2mfStPicb338rTIcnQuyLFaLmvSgxuxEfHDQT.webp

Шымкент зоопаркі аумағында келушілердің бірі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, кішкентай баласын қояндарға арналған вольерге кіргізген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға барысында бала тыйым салынған аумақ ішінде жүгіріп, қорқып қашқан қояндарды қуалап, ұстап әбігерге салған. Ал анасы бұл сәтті видеоға түсіріп отырған.

Мұндай әрекет жануарларға айтарлықтай стресс тудырғаны айтылды. Оқиғаға зообақ күзет қызметі араласып, келушілерге қауіпсіздік ережелерін түсіндірген.

Бұған дейін жасөспірім түйеқұстар аумағына кіріп кетіп, құстарды қуалағаны үшін ата-анасына айыппұл салынған.

Пікірлер