Елімізде неке жүзіктерінің бағасы бір жылда 45%-ға қымбаттаған. Бұл туралы Bizmedia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Наурыз айының қорытындысы бойынша айлық көрсеткіште алтын неке жүзіктерінің бағасы 5,5%-ға өсті, ал бір жылдағы өсім 45%-ды құрады», – делінген хабарламада.
Статистердің мәліметінше, ең аз өсім Маңғыстау облысында тіркелген. Ол 14,5 пайызды құрайды. Шымкентте баға 29%-ға, Астанада 29,9%-ға ұлғайған. Ал ең жоғары өсім Ұлытау облысында (71%) байқалған.
Айта кетейік, 2025 жылы зергерлік бұйымдар өндірісі 2024 жылмен салыстырғанда 7,7%-ға артып, 2,7 млрд теңгені құраған еді.
Ұқсас жаңалықтар
