«Уағызшы» деп танылған Дарын Мүбаров діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сот шешімімен оған әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалған, бұл қазіргі уақытта 865 000 теңгені құрайды.
Айта кету керек, 2025 жылғы қазанда Дарын Мүбаров осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
