Трамп Израиль мен Ливанның уақытша бітімге келгенін хабарлады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GBIr2sC6coocC2Uc9NNV1bDAxIt1mTArweO3yPaP.jpg

АҚШ бастамасымен Израиль мен Ливан 10 күндік уақытша бітім жариялауға келісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желісінде жазды.

Оның айтуынша, келісім Жозеф Аун және Биньямин Нетаньяху арасындағы телефон арқылы жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданған. Тараптар қақтығысты тоқтатып, бейбітшілікке қадам жасау мақсатында 10 күнге атысты тоқтату режимін енгізуге уағдаласты.

Бітім 16 сәуірден бастап күшіне енеді. Режим АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

Сонымен қатар, Джей Ди Вэнс, Марко Рубио және АҚШ қарулы күштері Біріккен штабтар комитетінің төрағасы Дэн Кейн Израиль мен Ливан арасындағы тұрақты бейбіт келісімге қол жеткізу бағытында бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.

Пікірлер