Астана қаласының әкімі жеңіл рельсті көлік жобасы жақын апталарда іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әкімнің айтуынша, LRT-ның нақты ашылу күні әзірге белгіленбеген. Дегенмен, ресми іске қосар алдында журналистерге арналған қысқаша пресс-тур ұйымдастыру жоспарланып отыр.
«Алдағы 2–3 апта ішінде іске қосуды көздеп отырмыз», – деді қала басшысы.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бүгінде LRT жүйесі толық сынақтан сәтті өткен. Қазіргі таңда 18 пойыз желіге шығып, тұрақты режимде жұмыс істеуде. Қозғалыс интервалы шамамен 3,5 минутты құрайды, ал жылдамдығы өзге көлік түрлеріне қарағанда екі есе жоғары.
Сонымен қатар, негізгі станциялар дайын. Олардың қатарында «Абу-Даби Плаза», «Ботаникалық бақ», «Астана Арена», Mega, «Әуежай» және жаңа теміржол вокзалы бар.
