Абай кітапханасында кітапхана түні өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/m3ZIbS2GoFwq7u6JcwbGYBfS7eXKQg5Oqd4DzXgA.jpg

Абай кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Кітапхана түні» мерекелік ойын-сауық шарасы өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапхананың заманауи мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру, сондай-ақ ұлттық және мәдени мұраны насихаттау.

Кеш бағдарламасы мазмұнды әрі көпқырлы форматта өтіп, келушілерге түрлі танымдық, шығармашылық және интерактивті алаңдар ұсынылды. Атап айтқанда:
- «Артық білім кітапта» атты квиз ойыны;
- Шеберлік сағаттары (сабын өнімдерін дайындау, жарық шамдарымен ашықхат жасау, дәстүрлі шай рәсімі, өлкетану жиынтықтарының көрмесі);
- Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі;
- «Ғасырлармен үндескен асыл қазына», «Абай елі – асыл сөздің мекені», «Адамзаттың Абайы» атты кең көлемді кітап көрмелері;
- Ұлттық ойындар;
- Библиотерапевтикалық тренинг;
- Би алаңы мен флешмоб.    

Іс-шараға Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, қала және мектеп кітапханашылары, студенттер, әскери бөлім сарбаздары мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімі аясында Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әншілері мен Бизнес және сервис колледжінің студенттері өнер көрсетіп, мерекелік кештің шырайын кіргізді.

Кеш аясында ұйымдастырылған «Артық білім кітапта» атты квиз ойынына 10 команда қатысып, өзара сайысқа түсті. Атап айтқанда, Абай облысының лингвистикалық орталығының «Ығай мен сығай» тобы I орын алса, Семей қаласының

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Кітапхана зияткерлері» тобы II орынды иеленді. Ал мектеп кітапханашыларынан құрылған «Самғау» тобы» III орынды қанжығасына байлады.
«Кітапхана түні» шарасы кітапхана қызметін таныстырып қана қоймай, рухани құндылықтарды дәріптеуге, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

Рима Қанапияқызы,
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының
Дамыту бөлімінің басшысы

Пікірлер