Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін шығарып, негізгі көрсеткішті үшінші рет 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Адырна".
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,00% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады», – делінген хабарламада.
Наурызда инфляция 11% болып, айлық баға өсімі 0,6%-ға дейін төмендеген. Дегенмен халықтың инфляциялық күтулері 14,6%-ға өсіп, сыртқы тәуекелдер де сақталып отыр.
Экономика бірінші тоқсанда 3% өсім көрсетті, негізгі драйверлер — құрылыс, көлік және сауда.
Ұлттық банк жағдай тұрақталса, мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.
Келесі шешім 5 маусымда жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
