Украина Ресеймен келіссөзді Әзербайжанда өткізуді ұсынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/22owqxtg05cxQGiqwJb2Hf4DXrtegKOZWgcXJLdG.webp

Украина президенті Зеленский Ресеймен келіссөздердің келесі кезеңін Әзербайжанда өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Габалада Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесуден кейін өткен брифингте мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Украина үшжақты форматтағы келіссөздерді қайта жандандыруды қолдайды. Бұған дейін мұндай кездесулер Түркияда және Швейцарияда америкалық әріптестердің қатысуымен өткен болатын.

"Егер Ресей дипломатиялық диалогқа дайын болса, біз жақын арада келіссөздерді Әзербайжанда өткізуге әзірміз", – деді Украина басшысы.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Пікірлер