Қаладағы «Ақкент» шағынауданында подъезде қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Видеода ер адамның лифт күтіп тұрған сәтте агрессивті мінез-құлық танытып, подъезд ішіндегі қабырғаларды ұрғаны көрінеді. Кейін ол жанында тұрған қызға шабуыл жасап, шашынан тартып, лифт ішінде күш қолданған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті – 26 жастағы ер адам. Ол оқиға орнында анықталып, ұсталды.
"Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық таныту және денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Ұқсас жаңалықтар
