«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы саябақта «Түлектердің ағаш егу» эко-челленжі басталды.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарлауынша, экологиялық бастаманың мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, өңірдегі жасыл желек аумағын кеңейту және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Челленджге Мұнайлы ауданындағы №10, №15, №19, №20 білім беру ұйымының мектеп бітіруші түлектері, сондай-ақ Бейнеу ауданы бойынша Қарақұм мектебі мен Бейнеу жалпы білім беретін мектебінің оқушылары белсене қатысты. Олар 150 ағаш екті. Оқушылар бұл эстафетаны аудандағы басқа білім беру ұйымдарына жолдады.
«Біздің мақсатымыз - әрбір оқушының өз өлкесіне деген жанашырлығын ояту. Бүгін егілген әрбір тал балалардың ертеңгі жасыл аймаққа, таза ауаға қосқан үлесі», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
#ТазаҚазақстан
#ТазаОрта
Жетісу облысында «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» - экологиялық бастамалардың қорытындысы өткізілді
