Алматыдағы танымал тау-шаңғы курорты Shymbulak 1 мамырдан бастап жазғы маусымын ресми түрде бастайды.
Бұл туралы курорт өкілдері хабарлады.
Аспалы жолдар техникалық тексерістен кейін қайта іске қосылып, келушілерге тау көрінісін тамашалау мүмкіндігі беріледі. Жазғы маусымда курортта тек серуен емес, белсенді демалыс түрлері де ұсынылады. Атап айтқанда, атпен серуендеу, Alpine Park аумағындағы ойын-сауықтар және садақ ату сияқты қызметтер қолжетімді болады.
Курорт өкілдерінің айтуынша, Shymbulak жыл бойы жұмыс істейтін туристік орталық ретінде дамып келеді. Сарапшылардың дерегінше, Алматыға келетін шетелдік туристердің басым бөлігі табиғат аясындағы демалыс пен белсенді туризмге қызығушылық танытады.
Жыл сайын жаз мезгілінде Shymbulak-қа шамамен 1 миллионға жуық адам барады. Зерттеулерге сәйкес, қаладағы туристер ең көп баратын нысандардың бірі де дәл осы тау курорты болып отыр.
Болат Назарбаев мемлекетке Алматы ауыр машина жасау зауытының 31,9 пайыз акциясын қайтаруға міндеттелді
