Мәсімовтің "самурайы" 1,5 млн теңгеге сатылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Zre4QOzJ9yd3JrYhXBJXWOTb7y3dqYEfREV1Sv58.webp

Астанада ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы аукционда 1 млн 587  теңгеге сатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Лоттың бастапқы бағасы 379 904 теңге болған. Аукцион 29 сәуірде сағат 12:00-де өтіп, 1 586 954 теңгеге сатылған. Кепілдік жарнасы 81 408 теңгені құрады.

Сауда бағаны арттыру әдісімен жүргізілген, сонымен қатар жалғыз қатысушыға сату мүмкіндігі қарастырылған. Нәтижесінде аукцион өтті деп таныған.

Лот сипаттамасында қылыш болаттан жасалғаны, бойлық ойығы бар екені көрсетілген. Қыны қара түсті материалдан жасалған, ал сабы сұр металдан, геометриялық өрнекпен безендірілген.

Бағалау құжатына сәйкес, мүліктің құны 542 719 теңге болған. Сатушы ретінде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС көрсетілген. Нысан Нұра ауданында орналасқан.

Аукцион бағасына қосымша 16% ҚҚС қосылатыны атап өтілген. Потенциалды сатып алушыларға сауда басталғанға дейін лотпен танысу мүмкіндігі берілген.

 

Пікірлер