Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ-ға сілтеп.
Әлеуметтік желіде қала аспанын қою қара түтін қаптаған видеолар тараған.
ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болғанын мәлімдеді. Салдарынан өрт шығып, ғимарат ішінара опырылған.
Оқиға орнына жеткен алғашқы құтқару бөлімшелері ашық жалынды анықтаған. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнында жедел штаб құрылып, зардап шеккендерді анықтау мақсатында барлау жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
